Өскемен қаласының №2 сотында «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соттың мәліметінше, қылмыскер 2023 жылдың қазан айында әлеуметтік желілердің бірінде төмен бағада қант сатылатыны туралы хабарлама таратқан.
- Жарнаманы көрген облыс орталығының тұрғындары жаппай тапсырыс бере бастады. 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың тамызына дейін әйел 25 адамнан 39 993 150 теңге алған, - делінген ресми ақпаратта.
Жәбірленушілер алаяқты қатаң жазалауды сұрады.
Сот әйелдің өз әрекеті өкініш білдіргенін, қамқорлығында кәмелетке толмаған үш баланың болуын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.
Нәтижесінде ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Пікірлер