18-20 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтеді.
Рейдтік іс-шаралар, мекенжайлық тексерулер және халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда, сондай-ақ елді мекендерде жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтауы қадағаланады.
Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға, жауапкершілік танытуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде өз үлесін қосуға шақырады.
Пікірлер