Келесі айда ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК болжамына сүйенсек, сәуір айының басында түнде ауа температурасы -7-12°С-қа дейін төмен болады. Күндіз термометр +2+7°C-тан +10+15°C-қа дейін көтеріледі.
Екінші онкүндікте күндіз сынап бағанасы +15+20°С жоғарыласа, облыстың оңтүстігінде +25°С-қа дейін жылынады.
Ал үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5+10°С, күндіз +17+22°С-қа дейін жетеді деп күтілуде.
Дегенмен, айдың басында ылғалды қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен аяғында жаңбыр жауады деп болжануда.
Айдың ортасында найзағай ойнауы мүмкін.
Пікірлер