Бұл туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, облыс жолдарында барлығы төрт LED экран іске қосылмақ.
Оның екеуі Өскемен – Тарғын-Самар тасжолының екі жағында, біреуі Өскемен – Таулы Үлбі – Северное және Шемонаиха – Секисовка тасжолдарының шыға берісінде орнатылады.
LED экрандар көлік жүргізушілерін облыстағы жолдардың жағдайы мен ауа райы туралы хабардар етеді.
Пікірлер