Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 миллиард теңге сомасына 72 шағын несие берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал әлеуметтік осал топтарға 216 грант бөлінді. Сондай-ақ 224 инфрақұрылымдық жоба аясында 1906 жұмыс орны құрылды.
- Биыл 28 631 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, оның 19 447-сі тұрақты, 9 184-і уақытша. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 483, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 149 жұмыс орны құрылады. Бұдан бөлек, 142 инфрақұрылымдық және инвестициялық жоба аясында 1813 жұмыс орны ашылады, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер