Оның 150-ге жуығы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішумен байланысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеті жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды.
- Қала тұрғыны полицияға күйеуінің масаң күйде рөлге отырғанын хабарлаған. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының инспекторларымен бірлесіп, көліктің тұрған жерін анықтады. 33 жастағы жүргізушіні қала көшелерінің бірінде тоқтатты. Анықталғандай, ол 2030 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Медициналық куаландыру оның алкогольдік мас күйде екенін растады, - делінген ақпаратта.
Тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер