26 наурыздан бастап өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді облыс бойынша ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері - сенбі және жексенбі.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жеке кесте бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін. Түскі үзіліссіз.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша кезекші ХҚКО Өскемен қ., Белинский көшесі, 37А және мамандандырылған ХҚКО Самар тасжолы, 23 мекенжайында орналасқан.
Пікірлер