Синоптиктердің айтуынша, таңертең тұман түсіп, жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
— Шығыста ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Күндіз сынап бағанасы 5-15 градусқа дейін көтерілсе, түнде кей жерлерде 15 градусқа дейін аяз сақталады, - делінген «Қазгидромет» РМК.
Өскеменде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз 3-8 градус жылы болса, түнде 12-15 градусқа дейін төмендейді.
Пікірлер