A+ A A-

admin 50 28-03-2025, 10:30 0

«Қалбатау-Майқапшағай» тасжолын жөндеу биыл аяқталады 

Бүгін / ШҚО

Бұл Зайсанда ірі логистикалық хаб ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, «Қалбатау-Майқапшағай»  тасжолының 906-1321 шақырым учаскесі қалпына келтірілуде. Барлығы 415 шақырымды құрайтын тасжолды жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев бұл мәселе Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен пысықталып жатқанын атап өтті.
- Тұғыл ауылында өзен порты салынады. Бастапқы кезеңде жүктер Тұғыл портына автокөлікпен тасымалданады. Одан әрі РФ қарай өзен арқылы кеме қатынасы орнатылады. Жүктердің бастапқы көлемі 2 млн тонна болса, кейін бұл көрсеткіш 10 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде. Қытайдағы әріптестермен қазір «Тұғыл» портын теміржолмен байланыстыратын және Ресейдегі Обь өзеніне, одан әрі Солтүстік теңізге шығатын «Қытай-Қазақстан-Ресей» мультимодальды логистикалық маршрутын құруға бағытталған төртінші теміржол өткелі пунктін салу пысықталуда, - деді ол. 
Бұдан бөлек, осы жылы облыстағы бес теміржол вокзалы жөндеуден өтеді. Оның ішінде Өскемен-1, Алтай, Күмістау, Риддер, Шемонаиха бекеттері бар.

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет: primeminister.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив