A+ A A-

talgatzhan 31 31-03-2025, 13:30 0

ШҚО тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Бүгін / ШҚО

Облыстағы ауыл тұрғынының есірткі заттарын заңсыз сақтағаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жедел тінту барысында оның үйі мен шаруашылық құрылыс нысандарынан психотроптық заттарды өңдеуге пайдаланылған құралдар, өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат салынған жеті қаптама табылды. Бұдан бөлек, ұқсас зат бар көк түсті полимерлі қойма ыдысы анықталды. 

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 4846,71 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды. Бұл мөлшер заң бойынша аса ірі көлемге жатады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив