A+ A A-

talgatzhan 31 1-04-2025, 11:05 0

ШҚО-да әйелдер саны артты

Бүгін / ШҚО

Ұлттық статистика бюросы жыл басындағы облыс халқының саны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылдың басында облыс халқы 723 967 адамды құрады. Оның ішінде 346 997 – ер адамдар, 376 990 – әйел адамдар. 

Аймақта 161 мыңға жуық бала мен жасөспірім, 414 мыңнан астам еңбекке жарамды азамат, 148 мыңнан астам зейнеткер тұрады.

Халық саны бойынша аймақтар арасында Өскемен көш бастап тұр. Мұнда 378,1 мың адам өмір сүруде. Алтай ауданында 59,3 мың адам, Глубокое ауданында 55,8 мың адам тұрады. 

Ал халық саны ең аз аудан - Марқакөл (6,7 мың адам). 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив