Наурыз айының соңында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «АVА мүгедектер одағы» қоғамдық ұйымымен техникалық оңалту құралдарын жөндеу туралы келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандар арба, таяқ, жүріс арбасын жөндеу қызметін тегін пайдалана алады.
Қоғамдық ұйымның мекенжайы: Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 86. Байланыс нөмірлері: 8-705-282-35-90, 8-705-258-17-15.
Айта кетейік, аудандар мен ауылдық округтердегі азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне алады.
Пікірлер