Өткен жылдың төртінші тоқсанында елде қант, кондитерлік және басқа да тәттілерге жұмсалған шығын жан басына шаққанда орта есеппен 9,2 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс көлемі бойынша өңірлер арасында Алматы көш бастады. Белгілі болғандай, бір адам орта есеппен 13 мың теңге жұмасаған. Тәтті өнімдерге мол қаржы жұмсаған аймақтар арасында Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Ал ең аз көрсеткіш Шымкент қаласы, Қызылорда мен Атырау облыстарында тіркелді.
Пікірлер