A+ A A-

talgatzhan 30 1-04-2025, 12:10 0

ШҚО-да көктемгі әскери шақыру науқаны жалғасуда

Бүгін / ШҚО

Өңірде көктемгі әскерге шақыру науқаны қарқынды түрде жүріп жатыр. Биылғы көктемде өңірден Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына бір мыңға жуық жас азамат борышын өтеуге аттанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазіргі уақытқа дейін жүзден аса шығысқазақстандық шекара қызметіне жіберілді. Бұл бөлімшелер еліміздің қауіпсіздігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, десанттық шабуылдау әскерлеріне қарасты 32363 әскери бөліміне арнайы дайындықтан өткен 25 отанқорғаушы іріктеліп алынды. Бұл бөлім – жоғары дайындықты талап ететін, елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге айтарлықтай үлес қосатын әскери құрылымдардың бірі.

– Жалпы, әскерге шақырылған барлық жастар медициналық және психологиялық тексеруден өтуде. Денсаулық көрсеткіштері мен психологиялық дайындық деңгейі мұқият тексеріліп, әрбір сарбаздың әскери қызметке дайындығы бағалануда. Бұл кезең олардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылығына, төзімділігіне, рухани және моральдық дайындығына да ерекше назар аударады, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі Дерартаменті бастығының орынбасары (тәрбие идеологиялық жұмыстар мәселесіне жетекшілік ететін) басқарма бастығы ‎майор Жасулан Сатыбалдиев

Бұл науқан – жас сарбаздардың әскери қызметке деген жауапкершілігін арттырып, Отан алдындағы борышын өтеуіне үлкен мүмкіндік береді.

– Әскери қызмет – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды кезең, ол тәртіпке, жауапкершілікке және ерік-жігерге тәрбиелейді. Сондықтан әскерге бару – әрбір ер азаматтың парызы деп білемін. Жасыратыны жоқ, қазіргі тексеру барысында бойымда біраз толқу бар. Бірақ менің отбасым, ата-анам бұл қадамымды қолдап отыр, – деді әскерге шақырылушы Ерасыл Көрпебаев

Көктемгі әскери шақыру науқаны белгіленген жоспарға сәйкес жалғасып, жаңа сарбаздарымыз еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз міндеттерін атқаруға дайындалады. Алдағы уақытта шығыстың болашақ сарбаздары ТЖД, Ұлттық ұлан және мемлекеттік күзет қызметіне шақыртылатын болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив