7 сәуір мен 5 мамыр аралығында облыстың эндемиялық аумақтарында кене энцефалиті мен туляремияға қарсы көктемгі дератизациялық және дезинсекциялық өңдеулер жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңдеу аймақтарында дезинфекциялық препараттар шашылып, родентицидті жемдер орналастырылады.
Облыс тұрғындарына ескерту: қолданылатын препараттар улы! Бұл кезеңде мал мен құсты жаюға, ара үйірлерін шығаруға және өңделген аумақтардағы өсімдіктерді тағамға пайдалануға болмайды.
Пікірлер