№2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаған азамат К.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-К. өзін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкері ретінде таныстырып, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдетілген баспана алу кезегін жылжыту үшін көмегін ұсынды. Екі жәбірленушіге 6 008 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді - , делінген реси ақпаратта.
Сотталушының өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтейтіні ескеріле отырып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Пікірлер