A+ A A-

talgatzhan 31 3-04-2025, 10:45 0

Зайсан ауданында таныстарынан ірі көлемде қарыз алған әйел сотталды

Бүгін / Зайсан / Қылмыс

Зайсан аудандық сотында 190-бап (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, азамат Қ. таныстарынан (21 адам) қарызға ақша алып, кейін екі есе көлемде қайтаратынына сендірген. Бұдан бөлек, ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қомақты несие алатынын да жеткізген. 

Қарыздың жалпы сомасы 101 563 988 теңгені құрайды. 

Нәтижесінде сот Қ.-ны алты жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, әйелдің екі кішкентай баласы бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив