Бұл туралы «Қазгидромет» облыстық филиалының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 4-6 сәуір аралығында температураның жоғарылауына, сондай-ақ 5 сәуірде облыстың басым бөлігінде жауын-шашынның күтілуне байланысты қардың қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады.
- Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелісі қалыптасуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан су жайылуы мен су басуы мүмкін, - делінген ақпаратта.
ШҚО ТЖД азаматтарға мынандай кеңес береді:
- арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау;
- үй аумағын үймелеу үшін қолда бар материалды дайындау.
Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер