A+ A A-

talgatzhan 30 4-04-2025, 10:15 0

ШҚО-да ертең қар мен жаңбыр жауады

Бүгін / ШҚО

Синоптиктердің айтуынша, 5 сәуірде өңірде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түнде облыстың батысында көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде солтүстік және шығыс аумақтарда екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстік және шығыс аумақтарда жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. 

ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райы болжамы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.

Мұндай метеожағдайларда көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек, али жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін абай болған жөн.

Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыздар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив