A+ A A-

talgatzhan 24 5-04-2025, 11:00 0

Ғылым жолындағы жаңа буын: «AMANAT» партиясы жас ғалымдарды қолдайды

Бүгін / ШҚО

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен жас ғалымдармен маңызды кездесу өтті. Шара ғылымды дамыту мен әйелдердің қоғамдағы белсенді рөлін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ғылымды дамыту – «AMANAT» партиясы Әйелдер қанаты жұмысының 10 басым бағытының бірі болып табылады.

— Ғылым – гендер таңдамайтын сала. Соңғы жылдары біздің жас әйел ғалымдарымыз халықаралық деңгейде мойындалып, отандық инновацияны алға сүйреп келеді. Мұндай кездесулер олардың тәжірибе алмасуына, өзара қолдау көрсетуіне үлкен мүмкіндік береді, – деді  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Ким.

Іс-шара аясында қатысушылар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі Лу Бань шеберханасы мен ғылыми орталықтарға экскурсия жасап, ғылыми-инновациялық жобалармен танысты. Бұдан кейін «Қазақстан ғылымындағы жас ғалымдардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында ғылымдағы әйелдердің рөлі, мүмкіндіктері мен кедергілері кеңінен талқыланды.

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жумадилова өз сөзінде Әйелдер қанатының өңірлік деңгейде жүйелі түрде атқарып жатқан жұмыстарын атап өтті.

— Бүгінгі таңда Әйелдер қанаты – тек пікір алмасатын алаң ғана емес, нақты әлеуметтік бастамалар мен жобаларды жүзеге асыратын күшке айналды. Біз өңірде әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды насихаттау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар жобаларды іске асырып келеміз. Жас ғалым әйелдермен, көпбалалы аналармен тұрақты кездесулер өткізіліп, олардың нақты мәселелері тыңдалып, шешімдер қабылданып жатыр. Бұл – Әйелдер қанатының халықпен етене жұмыс істейтінін көрсетеді, – деді ол.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – жас ғалымдарды партия қатарына салтанатты қабылдау болды. Партия қатарына қабылданған жас ғалымдар алдағы уақытта партияның жобаларына да белсене қатысатындықтарын жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив