A+ A A-

talgatzhan 30 7-04-2025, 11:00 0

ШҚО-да 14 сәуірде өрт қаупі бар кезең басталады

Бүгін / ШҚО

Осы уақытта орман және дала өртінің шығу қаупі артады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған кезеңде орманда және іргелес аумақтарда от тұтауға, құрғақ шөптерді, қоқыстарды және жапырақтарды жағуға, барбекюді және басқа да ашық от көздерін арнайы бөлінген жерлерден тыс пайдалануға болмайды. Бұдан бөлек, орманда, жол жиегінде темекі тұқылы мен сіріңке лақтыруға, өрт тудыруы мүмкін шыны бөтелкелер мен басқа қоқыстарды қалдыруға тыйым салынады. 

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Осылайша, жеке тұлғалар 19 660 теңгеден (5 АЕК) 393 200 теңгеге (100 АЕК) дейін айыппұл арқалауы мүмкін. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив