Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді, оның ішінде 3 021 дәрігер және 7 821 орта буын медицина қызметкері, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, аймақта тағы 152 маман жетіспейді, оның 75-і елді мекендерде.
Осы ретте Семей медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісім-шарт жасалды.
Бұдан бөлек, биыл 420 миллион теңгеден астам сомаға 70 маманды шетелде оқыту ұйымдастырылмақ.
Пікірлер