A+ A A-

talgatzhan 30 7-04-2025, 15:20 0

ШҚО-да кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі

Бүгін / ШҚО

«Республикалық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына сәйкес кенелерге қарсы күзгі және көктемгі өңдеу шаралары жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, залалсыздандыру жұмыстары кене инфекциясы бойынша эндемиялық аумақтарда өтеді. Оның ішінде Өскемен, Риддер қалалары, Алтай, Глубокое, Самар, Күршім, Марқакөл, Зайсан, Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Шемонаиха аудандары бар. 

Бекітілген кестеге сәйкес 7 сәуір мен 5 мамыр аралығында эпидемиологиялық және энтомологиялық мониторинг негізінде белгіленген кене энцефалитінің жұқтыру қаупі жоғары жерлерде кенеге қарсы өңдеудің көктемгі кезеңі өткізіледі.

Барлық аумақтарға оның өңделгенін білдіретін ескерту белгілері қойылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив