A+ A A-

talgatzhan 30 8-04-2025, 09:30 0

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Олимпиада басталды

Бүгін / ШҚО

Алғашқы іс-шаралардың бірі ретінде өңірдің жоғары оқу орындары арасында студенттер флешмобы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстың жастары «Дропперлерге NO!» ұранымен акция ұйымдастырылды. Жастар өз құрдастарына күмәнді қаржылық схемаларға қатысудың қаупін еске салды.

Акцияның мақсаты — студенттердің назарын цифрлық алаяқтық мәселесіне аудару, заңсыз схемаларға тартудың алдын алу. Мұндай схемаларда жиі сенгіш адамдар — дропперлер пайдаланылатынын ескерту. Жастар замандастарын саналы болуға және тартымды көрінгенімен, қауіпті ұсыныстарға алданып қалмауға шақырды.

Айта кету керек, олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде. Бұл жоба аясында 7-11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырады. Іс-шаралар шамамен 32 мың студентті қамтиды деп күтілуде.

Негізгі мақсат — жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық кеңістіктегі қауіптерді танып, өз қаражатын қорғауды үйрету. Қатысушылар алаяқтықтың нақты жағдайларын зерттеп, киберқауіпсіздік әдістері мен жауапты қаржылық мінез-құлық принциптерін меңгереді.

- Жастар — елдің болашағы. Қаржылық құқықбұзушылықтар мен цифрлық алаяқтыққа қарсы тұру қабілеті тікелей олардың хабардарлық деңгейіне байланысты, — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив