Бұл туралы облыс әкімдігінде өтіп жатқан мәслихаттың кезекті ХХ сессиясында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, Өскемен және Риддер қалаларында қоғамдық тасымалдау сапасын жақсарту үшін былтыр 77 автобус пен 26 шағын автобус алынды. 2025 жылы тағы 40 автобус сатып алынып, қолданысқа берілмек.
Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірден бастап Өскеменде ONAY! жол ақысын төлеу жүйесі енгізілді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер