Бұл жалпы өңірлік өнімді 5,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясында белгілі болғандай, өңір экономикасының перспективалы бағыттарының қатарында шағын және орта бизнес, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, цифрландыру мен инфрақұрылым бар.
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсы нәтижеге жетті. Инвестиция көлемі 26%-ға артып, 401 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аймақта 32 400 жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Халықтың орташа жалақы мөлшері – 378 500 теңге. Аталған сандар облыстың қарқынды дамуын, өндіріс деңгейінің артуын және тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылғанын көрсетеді, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Ал инвестициялық жобалар аясында 2029 жылға дейін Ұлан ауданында ірі фабрика мен өнеркәсіп салу жоспарланып отыр. Оған «Bergbau» неміс компаниясы тартылып, 500 млн доллар бөлінеді.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер