Синоптиктердің айтуынша, 10 сәуірде түнде облыстың шығысында жаңбыр мен қар күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.
Ал Өскеменде таңертең тұман түседі.
ШҚО ТЖД мамандары төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласуды ескертеді.
Пікірлер