A+ A A-

talgatzhan 22 10-04-2025, 13:00 0

ШҚО полицейлері 2024 жылы 1700 заңсыз интернет-ресурсын бұғаттады

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау және қоғамға зиянды ақпаратпен күресу мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері интернет кеңістігін үнемі бақылауда ұстап келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соның нәтижесінде, 2024 жылы мазмұны заңға қайшы келетін 1770 сайт анықталып, бұғатталды.

 

Бұл тізімге есірткі заттарын жарнамалайтын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық материалдар мен заңсыз онлайн-казино қызметтерін ұсынатын ресурстар енді.

 

- 2025 жылы бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіле түсуде. Жыл басталғалы бергі үш айдың ішінде осындай мазмұндағы 3000-нан астам сілтеме бұғатталды,- деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және күмәнді интернет парақшалар туралы дер кезінде хабар беруге шақырады. ШҚО полицейлері 2024 жылы 1700 заңсыз интернет-ресурсын бұғаттады

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив