A+ A A-

talgatzhan 27 10-04-2025, 14:50 0

Наурыз айында ШҚО жылжымайтын мүлік саудасы бойынша көш бастады

Бүгін / ШҚО

2025 жылдың наурыз айында елде тұрғын үй сатып алу бойынша 27 739 мәміле тіркелді. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 4,4 пайызға аз (ақпанда - 29 022 мәміле), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның ішінде:
- 5 897 жеке тұрғын үйге, 
- 21 842 көпқабатты үйлердегі пәтерлерге тиесілі. 

Сатып алу-сату бойынша алдыңғы қатарда Астана (5 652 мәміле – 20,4%) мен Алматы қалалары (5 069 – 18,3%), Қарағанды облысы (2 130 – 7,7%) тұр.

Алайда аймақтар арасында ерекше серпін Шығыс Қазақстанда байқалды. Наурыз айында бұл өңірде мәмілелер саны 16,8 пайызға артып, республика бойынша ең жоғарғы өсімді көрсетті. Сондай-ақ Алматы (+11,4%) мен Атырау (+11,3%) облыстарында да оң нәтиже байқалды.

Керісінше, Жамбыл (-23,3%), Батыс Қазақстан (-18,4%) және Маңғыстау (-18,1%) облыстарында жылжымайтын мүлік нарығында көрсеткіш айтарлықтай төмендеген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив