A+ A A-

talgatzhan 31 10-04-2025, 16:10 0

ШҚО-да биыл бірқатар маңызды нысан ашылады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2025 жылы өңірде 13 білім ордасы бой көтереді. Оның екеуі “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында облыс орталығы мен Глубокое ауданындағы Опытное поле ауылында ашылады. 

Сондай-ақ Өскемендегі Гематология орталығы, Риддердегі аурухана кешені мен Ұлан ауданындағы медициналық мекеменің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған. 

9 спорт нысанын салу жұмыстары да ары қарай жалғасады.

Айта кетейік, облыс халқын жайлы баспанамен қамтамасыз ету үшін 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар үшін 192 пәтер салып алынбақ.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив