Бұл туралы «Қазгидромет» облыстық филиалының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады.
- Өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының, беткейлік ағындардың қалыптасуы мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су басуы ықтимал, - делінген ақпаратта.
ШҚО ТЖД мамандары төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласуды ескертеді.
Пікірлер