A+ A A-

talgatzhan 21 11-04-2025, 14:39 0

ШҚО–да биылғы жылыту маусымында ірі апат болған жоқ

Бүгін / ШҚО

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы облыста 23 қыркүйекте басталған. Қыстың қатты аязына қарамастан барлық негізгі нысан жылусыз қалмай, ірі апатсыз жұмыс істеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осыған орай, 68,5 шақырым жылу желілері, 13,3 шақырым сумен жабдықтау және 53 шақырым су бұру желілеріне жөндеу, 603 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу жасалды. Бұл жөнінде облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының   басшысы Нұрлан Рамазанов айтты

- Сонымен қатар өңірдегі 3 ЖЭО-да (Өскемен және Риддер қалаларында) жалпы сомасы 14,4 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 18 қазандық пен 13 турбина жөнделіп, жабдықтардың тозу деңгейі 3,7%ға (62,1%-дан 58,4%-ға дейін) төмендетілді. Риддер ЖЭО ерекше бақылауда. Соңғы екі жылда мұнда елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: жабдықтардың тозу деңгейі 28,8%-ға (74,5%-дан 45,7%-ға дейін), жылу желілерінің тозуы 15,2%-ға (82%-дан 66,8%-ға дейін) азайтылды, - дейді ведомство басшысы.

Айта кету керек, 2024 жылғы Президент жолдауында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға баса назар аударылған болатын. Сонымен бірге инвестиция тарту және тариф саясатын қайта қарау қажеттігі аталып өтілген. 

- 2024 жылы Үкіметтің қолдауымен Риддер ЖЭО-да 7,9 млрд теңгеге күрделі жөндеу бағдарламасы жүзеге асырылды. Аталған жұмыстар аясында 6 қазандық агрегатына және 3 турбогенераторға күрделі жөндеу жүргізілді. Одан бөлек, 55 учаскеде 19 шақырым жылу желілері ауыстырылды. Биылғы жоспарға алдыңғы жөндеу науқандарымен қамтылмаған 6 млрд теңгегежөндеу жұмыстары кіреді. Атап айтсақ, №3 және №6 қазандық агрегаттары мен ұзындығы 5,9 шақырым болатын 23 жылу желісі учаскесіне  күрделі жөндеу жүргізіліп, отын беру жүйесін жаңғырту және ұсақтау бөлімшесінің ғимаратын сейсмикалық күшейту іске асырылады, - дейді Нұрлан Сағибекұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив