«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 15 сәуірде түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.
Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болса, облыстың шығысында 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз сынап бағанасы 12-17 градус, өңірдің шығысында 7 градусқа дейін жылы болады.
ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер