Олардың қатарында «Өскемен-1», «Алтай», «Күмістау», «Риддер» және «Шемонаиха» бекеттері бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Өскемен-1» вокзалына ерекше көңіл бөлінуде. Нысан тәулігіне мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Бекет салынған уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жаңғырту нәтижесінде күту залы кеңейтіледі. Конкорстық өткел салынып, жаяу жүргіншілер көпірі жөнделеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалады.
Бүгінгі таңда облыста тұрақты түрде 6 жолаушылар пойызы қатынайды: 351/352 – Алматы-2 – Өскемен-1, 67/68 – Астана – Өскемен-1, 641/642 – Өскемен-1 – Алтай, 6983/6984 – Өскемен-1 – Риддер, 407/408 – Риддер – Жаңа Сібір, 459/460 – Өскемен-1 – Жалаңашкөл (жазғы кезеңде).
Жолаушылар ағынының жыл сайынғы көлемі жылына 360 мыңнан астам жолаушыны құрайды. Облысішілік жолаушылар пойыздарының қатынауы облыстық бюджеттен субсидиялау есебінен жүзеге асырылады. Тасымалдарды субсидиялау көлемі жылына 470 млн. теңгеден асады.
Айта кетейік, теміржол бекеттерін жөндеу жұмыстары 25 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланған.
Пікірлер