16 сәуірде облыс бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бүгін түнде өңірдің шығысында жаңбыр мен қар жауады, ал батысы мен орталығында найзағай ойнайды.
16 сәуірде күндіз оңтүстік пен орталықта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Ал шығысында жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.
Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -3 градус аяз күтіледі.
Пікірлер