A+ A A-

talgatzhan 44 15-04-2025, 18:00 0

ШҚО-да төрт орман өрті тіркелді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтің айтуынша, 14 сәуірде өңірде өрт қауіпті кезең басталды. 

- Облыстағы орман қорының жалпы ауданы 2,9 млн гектарды құрайды, оның ішінде орманмен қамтылғаны 1,6 млн гектар. Өңірде 4 орман өрті және 5 дала жануы тіркелді. Былтыр жыл көлемінде 13 орман өрті болған еді. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында мобильді топтар құрылуда. Өрт қауіпті кезең аяқталғанға дейін рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Орман өртімен күресу бойынша аудандық және ауылдық округ әкімдіктерімен келісілген жедел жоспарлар әзірленді. Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі туралы сауаттылығын арттыруға, заң бұзушылықтарды анықтауға мән беріледі, - деді ол.

Анықталғандай, ШҚО ТЖД-де 1589 адамнан тұратын жеке құрам мен 306 техника бар. 

- Лизингтік қаржыландыру аясында республикалық бюджет есебінен 23 техника және жергілікті бюджет есебінен 30 техника жеткізілді. Тағы 9 техника күтілуде. Өрттің ауқымын бақылау және анықтау үшін қолданылатын 12 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Бұдан бөлек, облыс аумағында 48 өрт посты бар, - дейді Нұржан Қибатуллаұлы. 

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 

Фотосурет: Ұлжан СЕЙТКАНОВА 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив