A+ A A-

talgatzhan 30 16-04-2025, 09:30 0

Су шайып кеткен Өскемен-Алтай жолы қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолдың су шайып кеткен учаскесі әлі жабық тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 56-шақырымын қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалы мен «Kurylys Group RK» ЖШС-нің тиегіш, автогрейдер, самосвал, экскаватор техникалары жұмылдырылған. 
- Барлығы 3 100 тонна жартас топырағы төселді. Учаскені толық нығайту үшін қосымша 2 500 тоннадай материал қажет. Ол Осинов асуын айналып өтетін жолды қайта жаңғырту учаскесінен жеткізіліп жатыр, - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.
Жұмыстар тәулік бойы, үзіліссіз жүргізілуде. Көлік қозғалысын қайта ашу 16 сәуір күні сағат 15:00-ге жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив