«БЭСК» АҚ компаниясы электр энергиясының шекті бағасын өзгертуге өтінім берді. Жаңа тариф мақұлданса, 1 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Компания сайтында аталған мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткені жазылған.
Жаңа бағалар жобасы (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ) ұсынылды:
- тұрмыстық тұтынушылар (тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстар және қызмет көрсетумен байланысты емес, электр энергиясын өз тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) 19,332 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
- өзге тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) 35,213 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер, 32,135 теңге/кВтсағ;
- бюджеттік ұйымдар – 64,288 теңге/кВтсағ мөлшерінде.
Пікірлер