ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қарыз сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот шешімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы – «Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша кінәлі деп танылды. Оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО ПД аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолдады. Оның сегізі бойынша айыптау үкімі шықты.
Пікірлер