Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Слямғазинаның айтуынша, 2024 жылы өңір аумағында сарыптың 40 жағдайы тіркелген.
- Сырқаттанғандар Глубокое, Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласының аумағында анықталды. Үлкен Нарын ауданы Көкбастау ауылында аурудың өршіп кеткен. Яғни, 4 ошақта 5 жағдай болған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру тіркелген жоқ. 3 жасөспірім бруцеллезбен ауырды. Ауылдарда 36 адам сырқаттанған, - деді Сәуле Есенгелдіқызы.
Облыста барлығы 33 инфекция ошағы анықталған.
- Ошақта байланыста болған 119 адам сарып ауруына тексерілді. Олардың ішінен 14 науқас (35%) белсенді ретінде анықталды. 119 адам алты ай диспансерлік бақылауда болды. Ошақтардың сыртқы ортасының барлығы 131 сынамасы бруцеллезге зерттеліп, 22 сынама оң нәтиже көрсетті. Оның ішінде 10 көң сынамасы, 2 жем сынамасы, 8 жатын орын және 2 ет сынамасы зерттелді, - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Пікірлер