A+ A A-

talgatzhan 2 16-04-2025, 16:10 0

ШҚО-да құтырма ауруы тіркелді

Бүгін / ШҚО

Жануарға құтырма ауруын жабайы жыртқыш жұқтырған. Ауру ошағында алдын алу шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


Биыл Тарбағатай ауданында құтырма ауруының бір жағдайы тіркелді.

 

- Ақжар ауылында сиыр ауруды түлкінің тістеп алуы арқылы жұқтырған. Осыған байланысты шектеулер қойылып, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Ауру ошағында құтырмаға қарсы екпе 252 ірі қараға, 141 жылқыға және үш адамға салынды. Осы жылы дерттің алдын алу мақсатында 39500 бас ірі қара, 24100 бас ұсақ мал, 7000 ит, 15 мың жабайы жыртқышқа  қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр, - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Нұржан Әбілбеков.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив