A+ A A-

talgatzhan 34 16-04-2025, 16:25 0

«Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін / ШҚО

«Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшыларына сырттай сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Компанияның бұрынғы басшысы Анатолий Балушкин 9 жылға, тағы бір айыпталушы Ерік Сағымбаев 8 жыл 6 айға сотталды.

Сот отырысы 14 сәуірде Өскеменде өтті. Екеуі де Қазақстаннан тыс жерде жүр және Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Сондықтан үкім сырттай шығарылды.

Балушкин мен Сағымбаев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ оларға Қазақстан аумағында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды. Тергеу деректеріне сүйенсек, олардың заңсыз әрекетінен мемлекетке 230 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген. 

Балушкиннің мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарылды. Қорғаушы тарап істі Ресейдің құзіретіне беруді сұрады, бірақ сот одан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін «Азия Авто» компаниясы Өскеменде автомобиль зауытын салу бойынша өз міндеттемелерін орындағаны хабарланған. 2021 жылы сот компанияны мемлекетке 174 млрд теңгені қайтаруға міндеттеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив