A+ A A-

talgatzhan 31 17-04-2025, 09:00 0

ШҚО-да ерікті түрде қару тапсыру акциясы басталады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 21 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акция аясында азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына жүгініп, тіркелмеген қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды тапсыра алады. Тапсырылған заттар үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 

Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында табылған оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз бетінше ұстамауды, орнынан қозғамауды және тасымалдамауды қатаң түрде ескертеді. Мұндай заттар табылған жағдайда полицияға 102 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

ШҚО ПД өкілдері азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған акцияға белсенді қатысуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив