A+ A A-

talgatzhan 31 17-04-2025, 10:00 0

ШҚО-да жасөспірімдерге қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Бүгін / ШҚО

Облыста 10 сәуір - 6 мамыр аралығында республикалық «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның басты мақсаты — құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу, уақытында тоқтату және қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету. Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне де ерекше назар аударылып, түнгі рейдтер өткізіледі. 

Іс-шараның алғашқы 5 күнінде 320 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, 18 жасөспірім мен 25 тәуекел тобындағы отбасы тіркеуге алынды, 98 білім ордасында анонимді сауалнамалар жүргізілді, 97 құқықтық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив