Бұл туралы «Қазгидромет» облыстық филиалының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Синоптиктердің айтуынша, 18 сәуірде өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
- Түнде және таңертен облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстсігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. Түнде 1-6 градус аяз болуы ықтимал. Ал күндіз сынап бағанасы 5-10 градус жылы болады, - делінген ақпаратта.
Пікірлер