18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының бастамасымен Қабанбай батыр ескерткішінің маңында тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға «Жастар рухы» белсенділері, «Miras» аймақтық кеңесінің мүшелері, депутаттар мен партия қызметкерлері қатысты.
- Біздің мақсатымыз — тек тазалық сақтау ғана емес, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасына деген құрметті арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлттық сана-сезімді жаңғырту — ел болашағы үшін маңызды міндет. Осы жолда әр ескерткішке, әр тарихи орынға жауапкершілікпен қарауымыз керек,- дейді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.
Акция аясында ескерткіш маңы қоқыстан тазартылып, вандализм іздері жойылды.
Пікірлер