Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 31%-ды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді зардап шеккендердің 92%-ы алды, қалған 8%-ы (30 адам) түрлі себептермен серопрофилактикамен қамтылмады.
Облыс аумағында кене жұқпаларымен ауырған науқастар тіркелмеді. Көпжылғы эпидемиологиялық талдаудың нәтижесі бойынша аймақта аурушаңдық жағдайлары мамыр айынан бастап тіркеледі.
Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде бар.
Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Самар, Үлкен Нарын, Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңы кене энцефалитінің жоғары эндемиялық аумақтарына жатады.
Табиғат аясында серуендегенде, саяжайда жұмыс істегенде, демалысты жоспарлағанда кенеден қорғау шараларын сақтау қажет.
Пікірлер