A+ A A-

talgatzhan 30 18-04-2025, 13:00 0

ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды

Бүгін / ШҚО

Шектеу шаралары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастырған «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы аясында енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

16-30 мамыр аралығында Зайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде, 1 мамыр - 15 маусым аралығында бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС-ке дейiнгі Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде балық аулауға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, 10 мамыр - 10 маусымда Өскемен су қоймасында, Өскемен СЭС-тен Шүлбі су қоймасына дейін, 16 сәуір - 30 мамырда Шүлбі су қоймасында, Шүлбі СЭС-тен Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін балық аулауға болмайды. Аталған шектеулер табиғи көбею үдерісін сақтау үшін енгізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив