A+ A A-

talgatzhan 31 19-04-2025, 10:05 0

ШҚО-да бірқатар тасжол жабылды

Бүгін / ШҚО

“Облшығысжол” ЖШС мәліметінше, бүгін сағат 08:30-дан бастап ауа райының нашарлауына, жол бетінде мұздың қатуына байланысты облыстық маңызы бар келесі жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, «Өскемен-Тарғын-Самар» (63-145 шақырым, Тарғын ауылынан Самарское ауылына кіреберіс), «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» (28-60 шақырым, Таулы Үлбі ауылынан Северное ауылына дейін) тасжолдарында жазғы дөңгелекпен жүрген көліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Сондай-ақ жол-климаттық жағдайлардың нашарлауына (қар, көктайғақ) және қысқы дөңгелекпен жабдықталмаған көлік құралдарының жолдағы қауіпсіздігіне қатер төнуіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнарлары» автожолының 6-450 шақырым аралығында (Ушановское ауылынан Рахманов қайнарлары шипажайына дейін) көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.

ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік шараларын сақтауды және мүмкіндігінше алыс сапарларды кейінге қалдыруды сұрайды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив