15-18 сәуір аралығында Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спартакиада аясында бірнеше спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ бойынша Өскемен жоғары медицина колледжінің командасы, шахмат пен үстел теннисі бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжінің құрамасы қатысты. Ал волейбол бойынша ҚАЕУ жоғары колледжінің (қыздар арасында) және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің (ұлдар арасында) командасы бақ сынасты. Ұлдар арасындағы баскетбол жарысына Көлік және тіршілік кауіпсіздігі колледжінің командасы қатысты.
Нәтижесінде тоғызқұмалақ бойынша Өскемен жоғары медицина колледжінің студенттері жүлделі 2 орынды қанжығаларына байлады. Ал Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің командасы ұлдар арасында өткен волейбол жарысында 1 орынды иеленді.
Пікірлер